Регистратура: 48-91-50
8 (778) 746 05 73
8 7232 489 150

ҚЫЗЫЛША!

Корь - бұл вирус тудыратын жіті инфекция.

Ауру ауа-тамшы арқылы жұғады және кез келген жастағы адамдарды зақымдауы мүмкін.

Алғашқы симптомдарға жиі жоғары температура, жөтел және мұрыннан су ағу жатады, бірақ одан кейін пневмония немесе ми қабынуы сияқты ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін.

 

Қызылшаға қарсы егу кімге және қашан қажет?

Егулер вирустан қорғайтын тұрақты иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Жеке қорғанудан басқа, вакцинация ұжымдық иммунитетті құруға ықпал етеді, бұл аурудың қоғамда таралу қаупін төмендетеді.

️ Қызылшаға қарсы егу әдетте бала кезде жүргізіледі, бірақ ересектер де иммунитетті нығайту қажеттігіне назар аудару керек. Егуді белгілі бір жастағы барлық балаларға жүргізеді. Ересектер бұрын егілмеген болса немесе вируспен байланыста болу қаупі бар болса да егілуі мүмкін.

️ Қызылша пневмония, түрлі қабынулар, отит, тіпті соқырлыққа дейін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда қызылшадан ерекше емдеу жоқ, сондықтан осындай қауіпті инфекциядан құтқарудың жалғыз жолы - тек ВАКЦИНАЦИЯ!!!

Тізімге оралу