Пациенттің құқықтары:
- Құрметпен қарауға, қысымшылықтан қорғану еркіндігі;
- Жеке өмірінің дербестігі;
- Тегін медициналық көмектiң кепiлді көлемiн алу құқығы;
- Аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша шараларды жүргізу құқығы;
- Медициналық көмек, сапасы мен қауіпсіздігіне қолжетімділік құқығы;
- Толық ақпарат алу және ақпараттандырылған шешім қабылдау құқығы;
- Таңдау еркіндігі құқығы;
- Ақпаратты жарияламау құқығы;
- Қорғау және қауіпсіздігі құқығы;
- Қандай да бір мүмкiндiк шамада дерт зардабын жеңiлдетуді сұрау құқығы;
- Репродуктивтік денсаулығын қорғау құқығы;
- Арыз-шағымдар жасау құқығы;
- Пациенттің өміріне зиян келтірілген жағдайда шығынның орнын толтыруға.
Пациент міндетті:
- өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
- медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
- медициналық араласуға келісім бергеннен кейін диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
- ол жатқан медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелерін сақтауға, медициналық көмек алу кезінде медициналық персоналмен ынтамақтастық жасауға, денсаулық сақтау ұйымының мүлкін ұқыпты сақтауға;
- диагностика мен емдеу процесінде өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы, айналасындағы адамдарға қатері бар аурудың орын алуына күдіктенсе немесе ол бар болса, медициналық қызметкерлерді уақтылы хабардар етуге;
- басқа пациенттердің құқықтарын бұзуы мүмкін іс-әрекет жасамауға.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі» (2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).