Регистратура: 48-91-50
8 (778) 746 05 73
8 7232 489 150

Скрининг

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТІҢІЗ!

 

Скрининг - бұл белгілі бір жастағы дені сау адамдарды алдын ала медициналық тексеруден өткізу, сол арқылы емдеу тиімділігін арттырып, асқынулардың дамуының алдын алу.

Скрининг мыналарды қамтиды:

  • Антропометриялық өлшеулер (бойы, дене салмағы, бел шеңбері)
  • Артериялық қысымды өлшеу
  • Нысаналы топқа байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу

 

Скринингке мынадай жас топтары жатады:

1) ӘЙЕЛДЕР 30,35,40,45,50,55,60

-патологиялық өзгерістерді болдырмау үшін жатыр мойнынан жағынды арқылы цитологиялық зерттеу;

-акушер-гинекологтың тексеруінен өту, кольпоскопия - көрсеткіштер бойынша.

2) 50,52,54,56,58,60 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР

-сүт бездерін рентгенологиялық зерттеуден өткізу (маммография);

-маммологтың, онкологтың тексеруінен өту - көрсеткіштер бойынша.

        3) 50,52,54,56,58,60,62,64,66,70 жастағы ЕРЛЕР ӘЙЕЛДЕР МЕН

-Тоқ ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қанға кала тестілеу өткізу;

-Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия) - көрсеткіштер бойынша.

4)  50,54,58,62 және 66 жастағы ЕРЛЕР

-қанды простатспецификалық антигенге және оның кіші түрлеріне талдау;

-урологтың тексеруі, ультрадыбыстық зерттеу және биопсия - көрсеткіштер бойынша.

5) 50,52,54,56,58,60 жастағы ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР

-өңешті және асқазанды эндоскопиялық зерттеу (эзофагроскопия)

-гастроэнтерологтың, онкологтың тексеруі - көрсеткіштер бойынша.

 С гепатиті анықталған ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР

-альфа-фетопротеинге қан зерттеуі;

-бауырды ультрадыбыстық зерттеуден өткізу.

 

 

Профилактикалық медициналық тексерулер (скринингтер) шеңберінде 2011 жылы Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 2 912 566 ересек адам тексерілді.

 

 

 

Қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтауға 2 539 372 адам тексерілді, оның ішінде 194 971-і аурулармен анықталған.

 

Тексерілген 2 348 435 адамнан 7282 пациентте қант диабеті диагнозы қойылған.

 

Глаукоманы ерте анықтау үшін 1 806 876 адам тексерілді, оның ішінде 4469 адам - алғаш рет анықталған глаукомамен.

 

2011 жылы скрининг аясында жатыр мойнының ісік алдындағы және қатерлі ісіктерін ерте анықтау үшін 577 679 әйел тексерілді. 217 жағдайда жатыр мойны қатерлі ісігі анықталған.

 

455 745 әйелге маммографиялық зерттеулер жүргізілді, оның барысында 506 жағдайда сүт безі обыры анықталды.

 

 

2011 жылы 0-18 жас аралығындағы 4 190 686 бала профилактикалық тексерумен қамтылды. 992 673 немесе 23,7% балада әртүрлі аурулар анықталды, 623 798 адам сауықтырылды.

 

Құрметті пациент, егер сізді дәрігеріңіз СКРИНИНГ-ке шақырса, міндетті түрде тексеруден өтіңіз!