Регистратура: 48-91-50
8 (778) 746 05 73
8 7232 489 150

Медициналық сақтандыру үшін төлем жасамауға бола ма?

Медициналық сақтандырусыз отырғанша, медициналық сақтандыруға төлем аударған әлдеқайда тиімді. 2020 жылы 100 000 теңге көлеміндегі еңбекақыдан медсақтандыру үшін алынатын төлем көлемі 1000 теңге, жұмыс беруші бөлетін жарна көлемі – 2000 теңге болады. Жекеменшік медициналық орталықта профильді маманнан тексерілудің орташа құны 8000 теңгені құраса, толық тексерістен өту 20000 теңгеден басталады. Бұл бірреттік қабылдауға кететін шығын. Егер жүрекке ота жасау қажеттілігі туындаса, шығын көлемі миллионға тартады.

 


Сақтандырылған адамдар тексеріс пен ем қабылдау мәселесіне алаңдамаса да болады. Себебі, оларға қолжетімді медициналық қызметтер көлемі сақтандырылмаған адамдармен салыстырғанда әлдеқайда көп болмақ. Төлем жасамайтындар медициналық қызметсіз қалмайды. Олар учаскелік терапевтің қабылдауына ғана емес, сонымен қатар, тексерістен өтіп, бірқатар қауіпті дерттерден тегін емделе алады.

Тізімге оралу