Регистратура: 48-91-50
8 (778) 746 05 73
8 7232 489 150

Қазақстандағы балалар мен ересектерге арналған екпелер

privivki-300x300.jpg

Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу. Екпелердің дүркінділігі, ықтимал жанама әсерлер және екпелерден бас тарту кезіндегі қауіп туралы осы материалдан біле аласыздар.

Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына (төменде көрсетілген) арналған  міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн.

Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу төмендегі тұрғындар тобына жүргізіледі:

  • жасы профилактикалық егуді жүргізудің белгіленген мерзіміне сәйкес тұлғалар (екпе күнтізбесі бойынша);
  • жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын, жұмыс істейтін тұрғындар (көктемгі-жаздық кене энцефалиті, түйнеме, туляремия, оба);
  • кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер тобына жататын тұлғалар:
    • медицина қызметкерлері («В» вирусты гепатиті, тұмау);
    • кәріз және тазарту қондырғыларының қызметкерлері (іш сүзегі);
  • өзінің денсаулық жағдайына байланысты қатер тобына жататын тұлғалар:
    • ағзасына қан құйылған ( «В» вирусты гепатиті);
    • медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
  • балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің тұрғындары (тұмау);
  • кез келген жануардың қабуына, түкірік шашуына душар болған тұлғалар (құтыру);
  • тері жабындары мен шырышты қабықтардың бүтіндігінің бұзылуына байланысты жарақат, зақым алған тұлғалар (сіреспе);
  • жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі жоғары аймақтарда тұратын тұлғалар; оларды вакциналау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі ( «А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, індетті паротит).

 

Балаларға салынатын екпелер

Егуді қандай да бір жасқа толуына байланысты жүргізу керектігіне қарамастан,  емшектегі балаларды егу мерзімін сәбидің төтемелілік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, емдеуші дәрігер анықтайды. Бала ағзасының «екпелік аурумен» жеңіл түрде ауырып тұруға, сөйтіп бөгдедене қорғаныс заттарын қалыптастыруға дайын болатын сәтін дөп басудың маңызы зор.  Егер де балаға егуді белгіленген мерзімнен бұрын жүргізсе, оның төтемелілік жүйесі дұрыс «жауап бере» алмайды, ал кешіктірсе, осы уақыт ішінде баланың ауырып қалу қаупі бар.

Балаларға арналған екпені отандық және шетелдік вакциналармен жүргізуге болады, бастысы, олар тіркеліп, Емдік дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың ұлттық сараптама орталығының сертификаты берілген болуы тиіс.
 

Екпені медициналық мекемелердің арнаулы кабинеттерінде жүргізген абзал, өйткені вакциналар сақтаудың белгілі бір ережелерін талап етеді.

Түрліше вакциналардың жанама әсерлері мен асқынулары әр түрлі болып келеді. Қызудың орташа деңгейде көтерілуі, инъекция орнының ауыруы секілді реакциялар айтарлықтай жиі кездеседі. Балалар ұзақ жылап, олардың тәбеті төмендеуі әбден мүмкін.  Екпе жүргізілгеннен кейін баланың, айталық, тітір пайда болған жағдайда жылдам медициналық жәрдем алуы үшін, кемінде 30 минуттай бақылауда болғаны дұрыс.  

Көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егу жүргізгеннен кейін баланың қызуы көтеріліп кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл дәрінің әсер етіп жатқанын білдіреді.  
Егер сәбидің егілу мерзімі асып кеткен болса, құрдастарын ол жалпы ережелер бойынша «қуып жетеді». Мәселен, «В» гепатитіне қарсы екпе салынбағандарға ол былай жасалады: алғашқы шара, бір айдан кейін екіншісі, ал тағы 5 айдан соң – үшіншісі.  

Балаларға арналған екпе күнтізбесі

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар

Егілетін адамдарды жасы мен контингенті

Туберкулез (БЦЖ)

Полиомилит (ОПВ),(ИПВ)

«В» вирусты гепатит

Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС АбКДС)

b типті гемофильдік инфекция (Hib)

1

2

3

4

5

6

1) жасы бойынша

         

1-4 күн

+

 

+

   

2 ай

 

+

+

+

+

3 ай

 

+

 

+

+

4 ай

 

+

+

+

+

12-15 ай

 

+

     

18 ай

 

+

 

+

+

6 жас (1-сынып)

+

   

+

 

16 жас және әрбір 10 жылдан кейін

         

2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық

         

3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:

         

медицина қызметкерлері

   

+

   

кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері

         

4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:

         

қан құйылған адамдар

   

+

   

5) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар

         

6) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығының бұзылып зақымданған адамдар

         

7) эпидемиологиялық айғақтар бойынша

         

кестенің жалғасы

Егілетін адамдарды жасы мен контингенті

дифтерия сіреспе (АДС-м)

Қызылша қызамық, паротит (ККП, моновакциналар)

Көктемгі-жазғы кене энцефалиті

Оба

Іш сүзегі

Құтырма

Пневмококк инфекциясы

1

9

10

11

12

13

14

15

1) жасы бойынша

             

1-4 күн

             

2 ай

           

+

3 ай

             

4 ай

           

+

12-15 ай

           

+

18 ай

             

6 жас (1-сынып)

             

16 жас және әрбір 10 жылдан кейін

+

           

2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық

   

+

+

     

3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:

             

медицина қызметкерлері

             

кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері

       

+

   

4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:

             

қан құйылған адамдар

             

5) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар

         

+

 

6) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығының бұзылып зақымданған адамдар

+

           

7) эпидемиологиялық айғақтар бойынша

 

+

         

Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар

Егілетін адамдардың контингенті

Мына инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация

«А» вирусты гепатиті

Тұмау

Күйдіргі

Туляремия

1

2

3

4

5

1) жасы бойынша

       

2 жас

+

     

2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық

   

+

+

3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша катер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:

       

медицина қызметкерлері

 

+

   

4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:

       

медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар

 

+

   

5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті

 

+

   

6) эпидемиологиялық айғақтар бойынша

+

+

   

Екпелер ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың рұқсатымен жасалады. Салынған барлық екпелер туралы мәліметтер міндетті түрде оның амбулаториялық картасына немесе егу төлқұжатына енгізіледі. Нәтижесінде  амбулаториялық карта немесе егу төлқұжаты баланы балабақшаға немесе мектепке қабылдау кезінде көрсетіледі. Әрбір білім беру мекемесінің өзіндік қабылдау ережелері бар: бір жерлерде егу төлқұжатының болуы  міндетті  болса, ал келесілерінде – оларды көрсету міндетті емес. Бірақ кейбір жағдайларда егу төлқұжатының және екпе салынғандығы туралы белгінің болмауы балаңызды мектепке немесе балабақшаға қабылдаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.

қызметкерінің есебінде болады және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: препараттың салынған күні, препараттың атауы, сериясының нөмірі, мөлшері, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге көрсетілген реакцияның сипаты,өндіруші ел. Екпелер туралы мәліметтер амбулаториялық карталар немесе егу төлқұжаттарынан басқа мынадай құжаттарда кездесуі мүмкін:  

  • балаларда – профилактикалық екпелер картасы, (063/у нысаны), баланың даму тарихы (112/унысаны), баланың медициналық картасы (026/у нысаны), амбулаториялық науқастың медициналық картасына жасөспірімге жасалған салым парағы (025-1/у нысаны), жаңа туылған сәбилерге профилактикалық егулер есебінің журналы (перзентхананың) - 064-1/у нысаны, вакцианлар қозғалысы журналы - 064-2/у нысаны;
  • ересектерде - амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны), профилактикалық егулер есебінің журналы (064/у нысаны).

Ересектерге арналған екпелер

Екпелердің көптеген бөлігін бала кезде алу керектігі баршамызға мәлім.  Егер белгілі бір себептермен 16 жасқа дейін егілмеген болсаңыз, оны қазір жасауға еш кедергі жоқ.  Ересектерге көбіне-көп қызылшаға, паротитке, қызамыққа, А және В гепатиттеріне, дифтерияға, сіреспеге және полиемелитке қарсы вакциналану ұсынылады. Аталған кеселдерге қарсы егуді белгілі бір мерзімділікпен алу керек.

Кейбір екпелерді басқаларымен бір күнде салғызуға болады. Егер де ағзаңызды вакциналауды ойлаған болсаңыз, онда ересектерге арнап кеңес етілген профилактикалық екпелер күнтізбесін қадағалап отырғаныңыз жөн.  

Бұған қоса, саяхатшылар мен қандай да бір жағдайларға байланысты жануарларға қатысы бар адамдарға басқа екпелер жасалуы керектігін айта кеткен орынды.

Қосымша нақты қандай екпелер жасату керектігі туралы шешім дәрігермен бірге қабылданады.  

Материалды аяқтай келе, егу шараларының маңыздылығы жайлы  мынадай статистика арқылы айтқымыз келеді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, полиомиелитке, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге, қызылшаға және эпидемиялық паротитке (шошқаборыққа) қарсы жоспарлы иммундау жыл сайын әлемдегі 3 миллион баланың өмірі мен денсаулығын құтқарады. Болжам бойынша, алдағы 5-10 жыл ішінде әзірленетін жаңа вакциналар көмегімен жылына тағы 8 миллион баланың өмірін құтқарып қалуға болады.